Бизнеске
Сіздің брендіңізбен шоколад
Шоколадтан корпоративтік сыйлықтар өндіреміз — логотипіңізді патенттелген технология бойынша тікелей шоколадқа саламыз.
Конфигуратор
Плиткалар
Компанияңыздың логотипі бар шоколад плиткалары. Шоколадтың төрт түрі — сүтті, қара, ащы, ақ. Логотип тек қаптамаға ғана емес, тікелей шоколад бетіне де салынады — сіздің брендіңіз әр детальда. Қаптама тапсырыс берушінің фирмалық стилінде рәсімделеді.



Сіздің таңдауыңыз: Сүтті · 24гСіздің таңдауыңыз
Сүтті · 24г
Жұмсақ кілегей дәмді нәзік сүтті шоколадтан жасалған, жеке безендірілген плитка. Шоколадқа жазу, сурет немесе логотип салып, плитканы сіздің дизайныңыз бойынша брендтелген қорапқа саламыз. Корпоративтік сыйлыққа, тұсаукесерге немесе промо-шараға тамаша нұсқа. Қаптама өлшемі: 90 × 60 × 10 мм. Жалпы салмағы: 24 г.
Бағалар ҚҚС-пен көрсетілген. Тапсырыс саны 50 данаға еселік болуы тиіс, түпкілікті есеп алу үшін бізбен байланысыңыз.
Конфигуратор
Мини-плиткалар
Фирмалық қаптамадағы авторлық мини-плиткалар, персонализациямен толықтырылған: есім, күн немесе логотип тікелей шоколадқа салынады.



Сіздің таңдауыңыз: Сүтті · 1 мини-плиткаСіздің таңдауыңыз
Сүтті · 1 мини-плитка
Кілегей дәмді нәзік сүтті шоколадтан жасалған, жеке логотипі, жазуы немесе суреті бар мини-плитка. Әр мини-плитка сіздің дизайныңыз бойынша брендтелген қорапқа салынады. Клиенттерге, қызметкерлерге, іс-шаралар мен промо-акцияларға арналған ықшам корпоративтік сыйлық. Қаптама өлшемі: 66 × 66 × 25 мм. Жалпы салмағы: 20 г.
Бағалар ҚҚС-пен көрсетілген. Тапсырыс саны 50 данаға еселік болуы тиіс, түпкілікті есеп алу үшін бізбен байланысыңыз.
Конфигуратор
Жинақтар
Компания міндеттеріне сай сыйлық жинақтары: іс-шара қонақтарына арналған шағын комплименттерден бірінші басшыларға арналған премиум бокстарға дейін. Құрамын іріктеп, қаптама дизайнын әзірлеп, логотип саламыз. Толық цикл — өтінімнен кеңсеге жеткізуге дейін.



Сіздің таңдауыңыз: Орташа · ҚараСіздің таңдауыңыз
Орташа · Қара
Какао дәмі қанық қара шоколадтан жасалған кәмпиттердің сыйлық жинағы. Логотипі, жазуы немесе суреті бар брендтелген қорап клиенттерге, серіктестерге және қызметкерлерге арналған жеке корпоративтік сыйлық жасауға мүмкіндік береді. Қаптама өлшемі: 194 × 194 × 30 мм. Жалпы салмағы: 192 г.
Бағалар ҚҚС-пен көрсетілген. Тапсырыс саны 50 данаға еселік болуы тиіс, түпкілікті есеп алу үшін бізбен байланысыңыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Корпоративтік тапсырыстың ең аз тиражы қандай?
50 данадан бастап, саны 50-ге еселік. Нақты есеп үшін «Бизнеске» бетінде конфигурация құрастырып, WhatsApp арқылы шот сұратыңыз.
Логотип шоколадтың өзіне ме, әлде қаптамаға ма салынады?
Тікелей шоколадқа — патенттелген технология бойынша. Қаптаманы компанияңыздың фирмалық стилінде рәсімдейміз.
Логотип макетін қай форматта жіберу керек?
Векторлық форматта — CDR, AI немесе PDF.
Дайындау мерзімі қанша?
Әдетте 10–14 күн. Нақты мерзімді тапсырысты есептеу кезінде растаймыз.
Жеке тапсырыс
ІЗДЕГЕНІҢІЗДІ ТАППАДЫҢЫЗ БА?
Конфигуратор — тек базалық нұсқалар. Біз шоколадты тапсырмаға сай жасаймыз: ерекше пішіндер мен дәмдер, арнайы тиражлар, нөлден бастап қаптама, іс-шара брендингі. Идеяңызды айтыңыз — шешім ұсынып, құнын есептейміз.
